Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДА ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДА ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДА ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

Мақтаарал ауданының жер қатынастар бөлімі облыс әкімдігінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Облыста жер қатынастары саласын дамыту мақсатында 2020 жылға жоспарланған жұмыстарды жоғары деңгейде орындағаны үшін берілген марапатты аудан әкімі Бақыт Асанов бөлім басшысы Нұржан Атақұловқа табыстады.
 Ауданымызда жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының Жолдауында да аталып өткен болатын. Осы орайда, бұл бағытта өткен жылы қыруар жұмыстар атқарылды.
2020 жылы түгендеу жұмыстары барысында игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 21 азаматқа тиесілі 69,66 гектар жер учаскесі анықталған. Оның ішінде 2 гектар жерге иесіз мүлік ретінде тіркеу туралы тиісті шаралар қабылданған. Ал, қалған жер учаскелері бойынша салық берешегін өндіру туралы хабарламалар жолданды.
Аудан аумағында жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдерін түгендеу жұмыстарының барысында 10 азаматқа тиесілі 4,92 гектар жер телімі анықталып, Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасына тиісті шара көру үшін және мемлекеттік кірістер департаментіне  салық берешегін өндіру бойынша ұсыныс хаттар берілген.
Бүгінде аудан аумағында жалпы аула саны 14101 болса, оларға 4454,4 гектар жер телімі тиесілі болса, үй мақсатында 42 азаматқа тиесілі игерілмеген 6,37 гектар жер көлемі анықталып, оның ішінде 1,24 гектар жер игерілді. Ал, 1 гектар жерге берілген шешімдерінің күші жойылды. Қалған 4,13 гектар жер учаскесінің иелеріне хабарламалар таратылды. Сонымен қатар, Мырзакент кентінің бас жоспарына сәйкес, Еңбекші және Жаңажол ауылдық округтерінен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығы үшін 24 жер иеленушінің 141,19 гектар жері алынған. Оның ішінде 70,99 гектар жерге ие 15 жер иеленуші  өз еркімен бас тартса, 9 жер иеленушінің 70,2 гектар жері сот арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылды.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1