Мақтаарал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Электрондық лицензиялау» ақпараттық жүйесінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алу бөлігінде жүргізілген өзгерістер туралы хабарлайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 4 түрі көрсетілген:
1) Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету
2) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру 3) Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу
4)«Патогендіктің I-IV топтарындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету.
Объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін өтініш беруші www.egov.kz, «электрондық лицензиялау» сыртқы порталында «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін таңдайды.
Мемлекеттік органның орындаушысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастыру кезінде «Есептік нөмірді беру» — «Иә» немесе «Жоқ» деген таңдау нұсқасы пайда болады, орындаушы мәлімделеген объектіге есептік нөмір беру қажеттілігін шешеді. «Жоқ» нұсқасын таңдаған кезде тек санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қалыптастырылады, «Иә» нұсқасын таңдау кезінде 2 мемлекеттік қызметтің нәтижелері, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және есептік нөмір беру туралы хат қалыптастырылады.
Бұдан басқа, elicense.kz порталында және ХҚКО ЫАЖ «Мониторинг» кіші жүйесінде жобаларға және объектілерге санитариялық- эпидемиологиялық қорытындылар беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін дербес жеке қызмет түрлері ретінде көрсетуге байланысты жұмыс жүргізіледі.