Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Мерекелік шара » ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

           Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақжол ауылында жаңа мешіт бой көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
            100 түтіні бар бұл ауыл тұрғындары бұған дейін көрші ауылға қатынаған болатын. Енді тұрғындар алысқа бармай-ақ, өз ауылында орналасқан мешітте ғибадат ете алады. Алла үйінің құрылыс сәулеті заман талабына сай безендіріліп, тұрғызылған. Мешіт 100 адамға шақталған. Қасында ас беріп, Құран бағыштауға арналған 200 орындық асхана барлық керек-жарағымен жабдықталған. Мешітке келушілер үшін автокөлік қоюға арналған 50 орын бөлінген. Алла үйін сол ауылдың тумасы, жеке кәсіпкер Байсеитов Орынбасар Дүйсенұлы өз қаражатына салған.
       «Мешіттің құрылысы үш жыл бұрын басталған болатын. Алайда пандемияға байланысты бір жыл тоқтап қалған еді. Кейін қайта қолға алып, құрылыс жүре бастады. Менен басқа да, осы құрылысқа атсалысып, көмектескен барша ағайынға алғысымды білдіремін. Мешіттің іші жамағатқа толсын. Алла дұға-тілегімізді қабыл етсін», — деді Орынбасар Дүйсенұлы.

               Мешіттің ашылу салтанатына Меркі ауданының бас имамы Қанат Талғатұлы, Меркі ауданының әкімінің орынбасары Берік Дүйсенбайұлы, Меркі ауданының құрметті азаматы Қамбар Иманалиев және ауыл тұрғындары қатысты. Шара соңында, мешіт асханасында жамағатқа дастархан жайылып, Құран бағышталды.
                Ауыл тұрғындары алысқа сабылмай-ақ, ауылдың ішінен мешіт бой көтергеніне дән риза.
               «Мешіт жоқ кезде, боранды күні имамның үйіне жиналып намаз оқитынбыз. Енді міне жаңа мешіт салынып, өзге ауылға сабылмаймыз. Осы мешітке келген әрбір адамға Алла тағала нұр, береке берсін», — дейді ауыл ақсақалы Байжанов Орын.
Даяна ТОҚБЕРГЕН.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1