NewsPRESS RELEASEАуыл шаруашылығыБилікӨзекті мәселеТабиғи апат

ЖАҢА АУЫЛДА ҚАШЫРТҚЫЛАР ҚАЗЫЛЫП, ДРЕНАЖДАР ІСТЕП ТҰР

Қаралым: 34
          Биылғы жылғы өңірімізде қардың жылдағыдан екі есе көп жаууы мен ауа-райының күрт жылынуы, толассыз жауған жаңбырдан, жерасты суының көтерілуіне байланысты ауданымыздағы елді мекендерді су басуының алдын алу, тұрғындардың материалдық шығындарын болдырмау мақсатында Жаңа ауыл ауылдық округінде «Нұрасыл» шаруа қожалығының төрағасы Кенжебай Мамутовтың келісімімен қожалыққа тиесілі 250 гектар егістік жердің бойынан қазылатын ұзындығы 2 шақырым қашыртқының қазіргі таңда 1,8 шақырымы қазылды. Мемлекет тапсырыс есебінен ені 5 метр, тереңдігі 3 метр, ұзындығы 600 метр қашыртқы қазу жоспарына сәйкес жеңімпаз мердігер тарапынан қазу жұмыстары басталды.
       Сонымен қатар, ауылдық округ бойынша жұмысқа жарамды 28 дренаждың 5-і қазіргі ахуалға байланысты жұмыс істеп тұр, қалған 21-і жағдаяттың күрделенуіне байланысты жерасты суы шамадан тыс көтерілген жағдайда қосылуға дайын.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *