Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАҚСЫ КЕЛІН - ЖАН ҚҰТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЖАҚСЫ КЕЛІН — ЖАН ҚҰТЫ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ЖАҚСЫ КЕЛІН — ЖАН ҚҰТЫ


 Аудандық «Жетісай» мәдениет үйінде аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында аудандық «Үлгілі келін – 2021» байқауы болып өтті.
 
Отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттай отырып келіндер арасында қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды одан әрі жетілдіру, жанұяға деген жауапкершілік сезімін оятып, жас отбасылар арасында ынтымақ-бірлікті нығайту және өнегелі отбасыларындағы үлгілі келіндерді елге дәріптеп, таныту мақсатында ұйымдастырылған өнерлі келіндердің байқауы жоғары деңгейде өтті.
 
Бүгінде ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртып, жас келіндер арасында инабатттылық пен ибалылықты дамыту, үлкенді сыйлау, келін мен қайын сіңлі арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында өткен сайыста қатысушылар «Тегін білу – тектілік», «Өнер – өшпес мұра», «Сыр-сандық», «Келіннің кеспесі» және «Дәм-думан» сынды 5 бөлім бойынша өзара мықтыны анықтады.
Алғашқы бөлімде өзін, шыққан тегі мен отбасын, қызметін таныстырған келіндер екінші бөлімде бойларына ананың сүтімен, әкенің қанымен дарыған өнерлерін көпшілікке ұсынып, салт-дәстүрлерге байланысты,  оның ішінде «Тұсау кесер», «Бесікке салу», «Келін түсіру» және «Беташар» сынды көріністер көрсетті, әділ қазылар тарапынан қойылған ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Ал, кейінгі бөлімдерде қазақтың ұлттық тағамдарының түрлері мен жасалу жолдары, қонақтың түріне қарай табақ тарту және ұлттық тағамдардың, қазақы сусындардың адам денсаулығына пайдасы жөнінде білімдерімен бөліскен жас келіндер көпшіліктің ықыласына бөленді.
 
Сайыс барысында қатысушылардың дайындығын «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Рахила Басымбекова мен аудандық «Жаңа Жетісай» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы Эльмира Инаятқызы сынды өнегелі отбасы өкілдері бағалады.
 
Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық мәдениет үйінің қолдауымен өткен сайыс соңында қатысушылар арасында көпшіліктің көңілінен тауып, өзгелерден оқ бойы озық шыққан Айдана Дастан бас жүлдені иеленсе, Жайна Балтабай І орынға, Раушан Тайбекова ІІ орынға, ал, Гүлмира Кумекова мен Наргиза Казахова ІІІ орынға табан тіреді.
 
Мұнан да басқа байқаудың «Өнерлі келін – 2021» номинациясына Наргиза Утанова, «Сымбатты келін – 2021» номинациясына Жанар Қыдырша және «Үлгілі келін – 2021» номинациясына Ұлжан Нұрахова ие болды.
 
Жеңімпаз атанғандар мен арнайы номинация иегерлері ұйымдастырушылардың дипломдарымен, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Рахила Басымбекованың демеушілігімен қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1