Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАСТАРЫМЫЗ ТҮРКІСТАННЫҢ ТҮРЛЕНУІНЕ АТСАЛЫСУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ЖАСТАРЫМЫЗ ТҮРКІСТАННЫҢ ТҮРЛЕНУІНЕ АТСАЛЫСУДА

ЖАСТАРЫМЫЗ ТҮРКІСТАННЫҢ ТҮРЛЕНУІНЕ АТСАЛЫСУДА

         Мақтаарал ауданының жастары Түркістан қаласының түрленуіне атсалысуда. Аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Сүндет Кенжебаев бастаған мақтааралдық жастар 3 күннен бері 2 мыңнан аса ағаш көшеттерін отырғызды.
        «Түркістан — күллі түркі әлемінің рухани астанасы болғандықтан, бұл шаһардың түрленуіне, көркейіп дамуына атсалысу бәріміз үшін ортақ парыз. Сондықтан, 400 шақырым жерден келіп, дүйсенбіден бері киелі шаһарымызда ағаш көшеттерін отырғызудамыз. Ораза айында аузы берік болса да осындау сауапты іске атсалысқан барша мақтааралдық жастарға шынайы алғысымды білдіремін» — деді С.Кенжебаев.
          Айта кетейік, Мақтаарал ауданы 2019 жылдан бастап Түркістан қаласының 4-ші секторына бекітіліп, абаттандыру, көркейту, көгалдандыру бағытында аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен түрлі жобалар мен іс-шараларды ұйымдастырып келеді.
          Жарық шамдар, қоқыс жәшіктері және орындықтар орнату, аяжолдар салу, көшеттер отырғызу, тас төсеу және аялдамалардың, үйлердің, басқа да ғимараттардың қасбеттерін түзеу бойынша көптеген жұмыстар атқарылған. Сонымен қатар, тазалық бағытында да қыруар сенбіліктер ұйымдастырылып, әрбір тұрғын үйдің иелерімен жеке дара жұмыс істеудің арқасында қоқыс шығару бойынша келісім-шарттар түзілген.
        Қаланы жасылдандыру үшін мақтааралдықтар 2020 жылы жалпы саны 4482 көшет, 2021 жылы 7656 көшет отырғызған. Биыл бұл көрсеткіш және де жоғарылай түспек.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1