Білім саласыЖас буынҚоғамМерекелік шара

«ЖАС ҰЛАН» МЕН «ЖАС ҚЫРАН» ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Қаралым: 43
        Жуырда «Ш.Құдайбердиев атындағы №32 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарыы қатарына жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты жиыны өтті.

       Мен, біздің білім ордамызда мемлекетіміздің нағыз патриоттарын дайындап және де білімге құштар, ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін, сондай-ақ рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды мақсат етуші Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» мен «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қатарына 3-сынып пен 5-сыныптарында оқитын  оқушыларды қабылдау шарасын өткізгенімді өзіме үлкен мақтаныш  санаймын.
       Осы салтанатты шараның нәтижесінде  мектебіміздегі «Жас ұлан» ұйымына 59 оқушы, «Жас қыран» ұйымына 68 оқушы қабылданды. Мектебіміздің директоры С.Мауленов пен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Пернебаевалар осы шарада құттықтау сөздер сөйлесе,  сынып жетекшілері «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылданған оқушыларымызға Туымыз түстес  галстуктарын тағып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
          Салтанатты іс-шара аясында жас ұландықтар мен жас қырандықтар салтанатты түрде Ант беріп, патриоттық әндер айтып, ерекше көңіл-күймен тарады.
Абдуллаева Арайлым Асилбековна,
Ш.Құдайбердиев атындағы № 32 ЖББМ КММ аға тәлімгері.
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *