Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Жарысқа мыңдаған кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Жарысқа мыңдаған кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты

Жарысқа мыңдаған кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты

        “Runtalya” (“Ранталья”) халықаралық марафоны 5 наурызда Түркияның туристік астанасы – Антальяда ұйымдастырылды. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты. Маусымның ашылу жарысы ретінде “Runtalya” 47-ден астам елдің спортшыларын қабылдады. Ерлер арасындағы марафонда Үзеир Сойлемез 2 сағат 23 минут 35 секундта жеңіске жетсе, әйелдер арасында Наталья Гюртен көш бастады.
         Биылғы жылы “Рантальяда” төрт кезең (2 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым және 42 шақырым) бір уақытта ұйымдастырылып, барлық жарыстар Антальяның орталығында басталды. Қаланың ең көрікті және көрнекті туристік орындарын 42 шақырым бойы жағалай жүгірген марафоншылар Калеичи, Адриан қақпасы, Дуден сарқырамасы және әйгілі Лара жағажайлары сияқты сұлу мекендерді көрді. Жарысқа кәсіпқой спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілер де қатысып, оларды мәремсызығында ондаған мың жергілікті тұрғын мен шетелдік қонақ қарсы алды. “Ранталья” балалар мен жүгіруді енді бастағандарға да мүмкіндік берді.  Мысалы, «Балалар жарысы», «Биік өкшемен жүгіру» және «1-қадам – 1 өмірлік жарыс» – соның айғағы.
        “Ранталья” жарысы – Антальяда 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл марафон тәжірибесіз марафоншылар мен кәсіби желаяқтарды біріктіруге бағытталған шара. Салауатты өмір салтын ұстану, спортты сүюге үндейтін додаға қызығатындар саны жыл сайын артып келеді.
Жоямерген Нұрсая Мағауияқызы,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
«Ержігіт Бозғұлов атындағы № 249 мектеп-лицейі»  КММ 11 сынып оқушысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1