Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және Қазақстан Республикасы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысын орындау мақсатында, Мақтаарал ауданының әкімі Б.Н.Асановтың 2020 жылғы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдандағы есептік кездесулері онлайн форматта өтеді. (Есептік кездесудің кестесі мына сілтемеде: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/documents/details/114237?lang=kk).
Сіздерге, өздеріңізді мазалаған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында, кенттер мен ауылдық округ әкімі аппараттарында орналасқан жәшіктерге салуға (Жәшіктердің орналасқан мекен-жайлары мына сілтемеде: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/documents/details/114243?lang=kk), электронды форматта Мақтаарал ауданы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына (Фейзбук, инстаграм, ВК), maqtaaral_audany@mail.ru электронды почтасына жолдауға болатынын, сонымен қатар Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының 8-72541-22240 телефоны арқылы да сауалдарыңызды қоюға болатынын хабарлаймыз.