ӘлеуметҚоғам

ЕРІКТІ БОЛУ – ЖҮРЕКТІҢ ІСІ

Қаралым: 26
Жуырда Достық елдімекенінде орналасқан Мақтаарал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхананың ұжымы, «Еріктілер жылы» аясында жастарға арнап «Ерікті болу – жүректің ісі» атты сұқбат шарасын өткізді.
Барлық санитарлық талаптар толығымен сақталған осы іс-шараға Достық ауылдық округі әкімі аппаратының білім және спорт саласы бойынша бас маманы Ерсейіт Тобағабылов арнайы келіп қатысты. Ол сұқбатқа қатысып отырған жастарға 2020 жылдың не себептен «Еріктілер жылы» деп аталғанын, жастардың ерікті ретінде қиын жағдайға тап болған қаншама адамдарға көмектесіп, жәрдем қолын соза алатындарын нақты мысалдармен әңгімелеп берді. Сондай-ақ, Е. Тобағабылов мырза көктемдегі Сардоба су қоймасында орын алған техногендік апат кезінде ағын судан зардап шеккен ауданымыздың тұрғындарына жәрдем қолын созған ерікті жастардың ерен еңбектері туралы да жан-жақты айтып берді.
Сұқбат барысында кітапханамыздың тұрақты оқырмандары да өз ойларымен бөлісіп, құрбы-құрдастарын осындай сауапты  іске жұмылуға шақырды. Оқырмандарымыз Сабырбай Нарзілдә мен Шахабай Бердібек  сұқбат кезінде белсенділіктерімен көзге түсіп отырды. Олар осы шараны ұйымдастырушыларға өздерін қызықтырған сауалдарын жиі қойып және өз ой-пікірлерімен бөлісіп отырды.
Біздің кітапханамыз  тарапынан алдағы уақытта да осындай басқа да танымдық шаралар өткізіліп тұратын болады.
Шамшат АЛТЫНБЕКОВА,
Достық елдімекеніндегі №1 кітапхананың меңгерушісі,
Мақтаарал ауданы.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *