Қоғам

ЕРЛІКТЕРІ ЕЛ ЕСІНДЕ

Қаралым: 36
         1418 тәулікке созылып, тарих беттерінде «ІІ Дүние жүзілік сұрапыл соғыс» деген айдармен қалған қанды қырғынның салған ізі күн санап тарих енгенімен, жеңістің қадірі артып келеді. Бұл қанды қырғында орта есеппен тәулігіне 14 108 адам, сағатына 588 адам, ал, минутына 10 адамнан қаза тауып отырған. Жау жағадан алғанда тасада қалмай майданға аттанған Қазақстандық оғландардың бұл жеңісте өзіндік ерліктері бар.
       Әлемдегі эпид ахуалға байланысты мәдени, спорттық шараларға шектеу қойылғанымен Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысының 76 жылдығын ескерусіз қалдырмаған Жетісай ауданының жастары жауынгерлердің ерліктерін дәріптеп, жас ұрпақтарға үлгі ету мақсатында Жетісай ауданының жастары қаладағы «Мәңгілік алау» және «Белгісіз жауынгер» монументтеріне гүл шоқтарын қойды.
               Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев, Түркістан облысы Қоғамдық Даму Басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының мамандары, Аудандық Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.
              Бұған дейін де Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мерекесі аясында ел басына күн туғанда қолына қару алып қан майданға аттанған, жау жасағын ойсырата жеңіп елге жеңіспен оралған қарт майдангерлердің істерін өскелең ұрпаққа өнеге ете отырып, оларға сый-құрмет көрсету мақсатында аудан жастары күн санап қатары сиреп бара жатқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің, конслагерь тұтқындарының үйлеріне барып мерекемен құттықтап, үй шаруаларына көмектескен болатын.
                 Ия, 4 жылға созылған сұрапыл соғыста кеудесін от пен оққа тосқан ардагерлердің ерліктері ел есінде мәңгіге сақталып қала бермек. Оларға сый-құрмет көрсету, ерліктерін дәріптеу баршаға ортақ міндет.
  Бауыржан НАЙМАНОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *