Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕРЛІК ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЕРЛІК ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

ЕРЛІК ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

Мақтаарал аудандық мәдениет үйінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шара болып өтті. Барлық санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілген шараға, аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, қоғамдық ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Ауған соғысында ерлікпен қайтыс болған боздақтарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алудан басталған іс-шарада  алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызына берілді. Ол ауған соғысының ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді. Сөз арасында ол аудан әкімі Бақыт Асановтың ардагерлердің барлық ұсыныстары мен өтініштерін орындауға дайын екенін атап өтті. Сөзінің соңында ол бір топ ардагерге аудан әкімінің атынан Алғыс хаттарын табыс еті.
Сөзге шыққан «Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері» ұйымы төрғасының орынбасары Ерғали Базарбаев барлық ардагерлерді қастерлі мерекемен құттықтап, оларға табыстар тіледі. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «N2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы» қарулас жолдастары, ауған соғысының ардагері Николай Изебаевпен жүздескендерін және де ұйым тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Одан кейін сөзге шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров пен аудандық әжелер алқасының төрайымы Шахзада Құрбанбаевалар да өздерінің ыстық лебіздерін білдірді.
Мерекелік шараның соңында ардагерлердің құрметіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Өз тілшімізден.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1