Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
“Еркін сөз”-2021 байқауы басталды! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » “Еркін сөз”-2021 байқауы басталды!

“Еркін сөз”-2021 байқауы басталды!

        Түркітілдес журналистер қоры «Halyk Bank» АҚ-ның серіктестігімен қазақстандық БАҚ өкілдері арасындағы қаржы тақырыбына негізделген «Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауын жариялайды. Бұл туралы журналист Нәзия Жоямерген Facebook парақшасында хабарлады.

         Журналистердің кәсіби білігін арттыру және қаржы саласындағы білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын «Еркін сөз» байқауына қазақ тілінде мақала жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері қатыса алады. БАҚ өкілдері “Үздік мақала”, “Сайттағы үздік мақала” және “Үздік телесюжет” аталымдары бойынша сайысқа түседі. Әр аталым бойынша тағайындалатын Бас жүлде – 500 000 теңге.
         Байқауға қаржы тақырыбындағы, оның ішінде банк саласына қатысты материалдар қабылданады. Материалдар 2021 жылдың 01 қаңтарынан 2021 жылдың 05 шілдесіне дейін жарияланған немесе эфирге шыққан болуы шарт. Оны erkinsoz2021@gmail.com электронды поштасына жолдау керек. (Call centre: + 7 775 166 8920;)
         Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Байқау комиссиясы қабылданған материалдарды іріктеу барысында оның объективтілігіне, журналистің кәсіби шеберлігіне, мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсетуіне, материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдерді шешу жолдарына, ұсынылған материалдардың қоғамға пайдалылығына назар аударады. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
       «Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауының қорытындысы 2021 жылдың 19 шілдесінде жарияланады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1