ҚоғамСаясат

ЕЛІМІЗДЕ ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТЕТІН БОЛАДЫ

Қаралым: 42
        Еліміздің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан Қарулы күштері қазан айында 1992 жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан арасында  бірлескен жаттығулар өтеді.
       ҰҚШҰ жүйесінің белгіленген тапсырманы орындауда дайындығын арттыру мақсатын басты назарға алып, Қазақстан аумағында жедел әрекет ету бойынша «Өзара ықпалдастық – 2022», барлау күшімен «Іздеу – 2022” және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша «Эшелон – 2022» әскери жаттығулары өткізілмек. Сонымен қатар, осындай жаттығулар «Меже – 2022» деген атпен Тәжікстанда және «Мызғымас бауырластық – 2022» деген атаумен Қырғызстан аумақтарында да өтетін болатын.
      Сарапшылар бұл бастаманың қаңтар оқиғасы кезінде қайғыларды оқиғалардың тоқтату үшін, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚШҰ-ны көмекке шақыруымен елімізге Ресей, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Беларусьтен ұзын саны 2500 әскериді жұмылдыруымен тығыз байланысты деуде.
Ақбота ОРЫНБАЙ,
Қ.Сәтбаев ат. ЖОББ мектебі
Орал қаласы, Тасқала ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *