Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ЕНДІ ӨЗЕКТІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ ДАЙЫНДАЛАДЫ

Қаралым: 33
          2021 жылдың қыркүйегінде KAZGUU-дің базасында «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығы ашылатын болды.  Бұл жайлы KAZGUU-дің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев мырза  аталған білім беру бағдарламасының тұсаукесерінде хабарлады.
         Еліміз үшін бүгінгі таңда өзекті білім бағдарламасының тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, республикалық басылымдардың бас редакторлары және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және медиа-менеджерлер қатысты.
       Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев: «Біздің зерттеулеріміз бойынша елімізде бір жыл ішінде 1000-нан астам журналист 34 жоғары оқу орнын бітіреді. Бірақ журналистика саласында қызметететін түлектер көрсеткіші 60% — ға жетпейді. Демек жоғары оқу орындарында оқу процесі әлі жетілдірілмеген, әлі де қиындықтар бар. КАЗГЮУ мықты университет болғандықтан, журналистика мамандығыдер кезінде ашылуда. Алдағы уақытта жаңа мамандыққа министрлік тарапынан қолдау көрсетуге әзірміз», — деп атап өтті.
         Тағлымы мол осы жиынды KAZGUU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев: «Аналитикалық журналистиканың болуы жалпы әлемдік үрдіс және уақыт талабы. Аталған білім бағдарламасын таңдаған студенттер құқық, экономика саласында кең білім алып, тиісті ақпаратты іздеу, талдау және іріктеу, факт-чекинг дағдыларын меңгеріп, журналистік зерттеулер жүргізетін болады», — деп қортындылады.
Сабыр КЕНЖЕБАЕВ,
 Нұр-Сұлтан қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *