NewsБілім саласыЖас буынҚоғамМаман кеңесі

«ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қаралым: 22
          Бүгінде оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен еліміздегі барлық мектептерде әлеуметтік-эмоционалдық ахуалды жақсарту мақсатында «Досболlike» республикалық акциясы жүріп жатыр. Бұл акция біздің білім ордасында да өз жалғасын тапты.
          Мектеп басшысы ретінде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге, бойларында достық қарым-қатынастарды қалыптастыру мақсатында 10-сынып оқушыларымен – «Көшбасшы деген кім?», «Көшбасшылардың түрлері және олардың қасиеттері», «Команда әр қатысушыдан бастау алады», «Өзін-өзі тәрбиелеу және өмірлік мақсаттарға жету» жобалық тақырыптарында жұмыс жасадым.
         Мектептің педагог-психологтары Н.Қарақұлова мен М.Еркебаевамен кеңесе отырып, психологиялық тренингтерді іске асырып, жоспарланған нәтижелерге қол жеткіздік, «ДосболLIKE» республикалық акциясы аясында оң қарым-қатынастың ең жақсы жолдарын қарастырдық. Білім беру мекемесінде достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін оқушылар қауымдастықтарымен тығыс байланыс орнатылды. Білім алушылар өзін-өзі тәрбиелеуге қызығушылық танытып, өзін-өзі көрсету дағдыларын игерді. Әр адамның бірегейлігі жобалық тапсырмалар арқылы ұғындырылды.
       Мұның бәрі оқушылардың қорлыққа (буллингке) қарсы санасын дамытуға қызмет етеді деген сенімдемін.
                                                                      Заман БАЛҒАБЕКОВ,
«Қ Үкібаев атындағы №37» ЖББМ директоры, Мақтаарал ауданы. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *