Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ГАДЖЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН «+1 ИЛОН МАСК» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ГАДЖЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН «+1 ИЛОН МАСК» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ГАДЖЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН «+1 ИЛОН МАСК» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

        Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің  Instagram парақшасында мәлімдеді.
         «IT нарықтағы тың жобалармен танысу және  саланы дамыту бойынша ұсыныстарды талқылау мақсатында қазақстандық  IT компанияларды аралауды бастадым. Бірінші кезекте, 16 IT-компанияға жетекшілік ететін елордадағы Kaz dream холдингіне бардым.
        Kaz dream бірнеше бағытта жұмыс істейді, соның ішінде B2B, ақпараттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары үшін және т.б бағытта IT өнімдер әзірлейді. Айтпақшы, олар біртіндеп халықаралық деңгейге шығуда – шетелдік компаниялардың өкілдері Kazdream өнімдеріне қызығушылық танытып отыр.
       Холдингтің әлеуметтік жобаларға көп көңіл бөліп отырғаныны қуантты.
       Кездесу барысында олар маған  жүзеге асырып жатқан – «+1 Илон Маск» жобасы туралы да айтып берді. Бұл жоба -әр ауыл баласын гаджетпен қамтамасыз етуге, осылайша олардың  білім алуларына жағдай жасауға бағытталған.  Олар жыл сайын компанияда есептен шығарылатын ноутбуктерді  өз қаражаттарына жөндеп, мұқтаж балаларға үлестіреді екен.  Бұл жобаға техниканы беру арқылы ғана емес, оны жөндеу бойынша ерікті ретінде де қатысуға болады.
      Менің ойымша, осындай жас және жауапты компаниялар Қазақстанның IT-индустриясының болашағын қалыптастырады және мемлекеттік орган ретінде біз оларды қолдап, дамуы үшін жағдай жасауымыз керек»— деп жазды Бағдат Мусин.
   ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1