Референдум – ең маңызды мәселелерді халық болып шешудің тетігі.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына шығаруы – әрбір азаматтың жан дүниесін түлетіп, мерейін өсіріп, рухын көтереді. Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы әрбіріміздің пікіріміз маңызды екенін көрсетеді.
Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт!