ӘлеуметҚылмыс пен жаза

Бұл ақпарат жалған!

Қаралым: 80
         Еліміздегі түрлі әлеуметтік желілерде тұрақты түрде «елді елең еткізерлік» ақпараттар жарияланып тұрады. Мына шағын хабарлама да солардың қатарынан. Мұнда kaspi.kz  яғни Каспий банк кез-келген адамның мемлекеттік субсидияны алу мүмкіндігі бар екендігін хабарлануда. Астында соның анық-қанығын білу үшін сілтеме де берілген. 
        Алайда осында көрсетілген сілтемені бассаңыз Сіз «бос параққа» барасыз. Сондай-ақ, Каспий Банктің ресми парақшасында осы бағыттағы хабарландыруды таба алмайсыз. Яғни бұны біз «Фейк ақпарат» деп толық сеніммен атай аламыз.
        Осыған ұқсас хабарландырулар еліміздің және шетелдік ірі қаржы ұйымдары, танымал компанияларының «20 жылдық» не басқа да «мерейтойлық даталарына» орай жиі жарияланып тұрады. Оларда көбінесе жеке деректеріңізді сұраттырған анкеталық сауалнамалар беріліп, жеңімпаздарға ірі қомақты соманы ұту мүмкіндігі айтылады.
          Сонда осындай хабарландыруларды шығарушылар кімдер және олардың басты мақсаттары не? Оларды  негізінен алаяқтар жолдап, бір сәттік осалдығыңызды пайдаланып жеке басыңызға қатысты құнды ақпараттарыңызды біліп алып, оны өздерінің қаскөй мақсаттарына пайдалануды көздейді. Сондықтан барынша абай болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *