Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БРУЦЕЛЛЕЗ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БРУЦЕЛЛЕЗ

БРУЦЕЛЛЕЗ

          Бруцеллез (сарып) ауруы – жедел және созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру. Негізінен ауру малдардың, үй жануарлардың ет-сүт өнімдерінен, қи қалдықтарынан, іш тастаған малдың шаранасынан, ауру малдың шаранасынан, ауру малдың тері және жүнінен жұғады. Бруцеллез қоздырғышы қой, ешкі,ірі қара мал, шошқа, шөл даладағы тышқан,ит сияқты жануарларда кездеседі. Дегенмен сарып адамға малдан жұққанмен, науқастанған адамнан сау адамға жұқпайды.
          Жұғу жолдарына келетін болсақ, ауру қоздырғышы тері қабаттарындағы майда жарақаттар арқылы адам ағзасына енеді, кейін лимфа және қантамырлары арқылы бүкіл организмге тарап, шоғырланады, оларды зақымдайды. Организмге септикалық жағдай пайда болып, ауру белгілері өрши түседі.
          Бруцеллез ауруының алғашқы клиникалық белгілері мынадай: Кешке  қарай дене қызуы көтеріледі,  денені тер басады, әлсіздік  пайда болады. Негізінен буындар ауырып, бұлшық еттер  мен жүйке жүйелері зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер  еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға,  жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады.  Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Дер кезінде қаралмаған немесе дәрігерге кеш  келген жағдайда бруцеллез асқынып,  мүгедектікке әкеліп  соқ­тырады.
           Ұзақ уақыт емделмеген жағдайда интоксикация белгілері өршіп, жалпы организмнің улануы салдарынан бруцеллезбен ауырған науқастарды жүйке жүйесінің зақымдалу белгілері сезіледі. Яғни, науқастың ұйқысы бұзылады, мінез құлқының өзгеруі байқалады, басы қатты ауырып, тез ашуланшақтық мінез қалыптасады. Жалпы бруцеллез ауруының жедел түрінде дер кезінде, уақытылы, сапалы түрде емдемеген жағдайда, ауру созылмалы түрге айналады. Тағы бір ескертеріміз, сарыппен ауырып емделген науқастар 2 жыл көлемінде үнемі дәрігердің бақылауында болуы қажет.
          Бұл дерттен сақтану жолдары мынадай: Ең алдымен  ауру малдың көзін тез арада жою қажет. Малды төлдету  кезінде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру керек. Сонымен қатар сапалы өңдеуден өткен ет, сүт өнімдерін тұтыну қажет. Ауладағы малдың арасында түсік тастау,  өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек. Әр отбасы мал дәрігерімен тығыз байланыста болғаны  абзал.
Е.БАЙТЕЛИЕВ,
Мақтаарал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
 бақылау басқармасының бас маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1