Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Жас буын » БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

        Жаз мезгілінің басталуымен бірге су айдындары мен бассейндерде демалушылар саны арта түсетіні белгілі. Осыған байланысты Мақтаарал ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кешенді түсіндіру-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
        Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастамасымен өткен шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің судағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және қайғылы оқиғалардың алдын алу болды.
         Іс-шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, бассейн иелері, кәсіби құтқарушылар, демалыс орындарының қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Шара аясында алдымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі А. Жақияев пен «Фуд Сити» демалыс орталығының басшысы, кәсіпкер Н. Сақтағанов әлеуметтік маңызы бар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжатта әлеуметтік осал санаттағы балалардың бассейнге тегін келуіне мүмкіндік жасау, оларға судағы қауіпсіздік ережелерін үйрету, сондай-ақ кәсіби құтқарушылардың қатысуымен жүзу дағдыларын меңгерту көзделген. Бұл бастама балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды ұйымдастыруға, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба болып табылады.
        Кейін төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бассейнде демалып жүрген балалар мен жасөспірімдерге арнайы қауіпсіздік сабақтарын өткізді. Онда судағы тәртіп ережелері, терең суға түсудің қауіптілігі, белгіленбеген орындарда шомылудың зардаптары және төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары жан-жақты түсіндірілді.
         Мамандар балалардың қараусыз қалуының ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, ата-аналарды әрдайым сақ болуға шақырды. Сонымен бірге соңғы жылдары жиілеп кеткен балалардың тұрғын үйлердің терезесінен құлау оқиғаларының алдын алу мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Ата-аналарға қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығы түсіндіріліп, балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде нақты ұсыныстар берілді.
       Практикалық бөлімде құтқарушылар суға батып бара жатқан адамға алғашқы көмек көрсету тәсілдерін көрсетіп, тұншығу кезінде орындалатын қарапайым әрекеттер алгоритмін түсіндірді. Балалар мен ересектерге алғашқы медициналық көмектің негізгі қағидалары үйретіліп, төтенше жағдайда сабыр сақтап, мамандарды дер кезінде шақырудың маңыздылығы айтылды.
        Іс-шара соңында қатысушыларға судағы қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары жазылған арнайы жадынамалар таратылды. Ұйымдастырушылар мұндай түсіндіру жұмыстары шомылу маусымы бойы аудан аумағындағы демалыс орындарында тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1