Жас буынҚоғамҚылмыс пен жазаМерекелік шара

БАЛАЛАР КОЛОНИЯСЫНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қаралым: 55

1-желтоқсан күні Алматы қаласындағы ЛА-155/6 мекемесінде жазасын өтеп жүрген жасөспірімдер арасында Тұңғыш Президент күніне арналған мереке ұйымдастырылып, олар «Қазақстан-менің елім!», «Елбасына!», «Қазақ елі!», «Отаным-Қазақстан!» өлеңдерін шабыттана оқып, патриоттық әндер шырқады.

Салтанатты кешке ат салысқан Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы кітапхана қызметкерлері «Елбасы күні – елдікке құрмет!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мерекелік салтанат барысында ұйымдастырушылар Елбасы өмірінен қызықты деректер келтіріп, жазалы балаларды Тұңғыш Президенттің еңбек жолымен таныстырды.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *