PRESS RELEASEҚоғамӨзекті мәселе

БАЗАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІЛЕРГЕ АРНАЙЫ АС БЕРІП, АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

Қаралым: 21
    Ж.ЕРАЛИЕВ ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен округ тұрғындары мен Жетісай аудандық Ішкі саясат бөліміне қарасты  “Жетісай жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мекемесінің қызметкерлері және «Жастар рухы» жастар қанатының аудандағы мүшелері мен белсенді жастар үлкен сауапты істі жүзеге асырды.
          Олар бүгін Жетісайдың өртке оранған «Күлпаршын» базарын қалпына келтіру мен тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан 200-ге жуық жұмысшыларға түскі ас-суларын таратып, олардың ризашылығына бөленді.
       Осы сауапты іске ұйытқы болған Ж.Ералиев ауылдық округінің бір топ аналары «Ел басына күн туғанда қол қусырып отыра алмадық. Қолымыздан келетіні – өртенген базарда күн-түн демей тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқан жандардың ас-суын дайындап, қолдау көрсету болды. Алла баршасына сабыр берсін» деді.Алдағы уақытта да осындай сауапты істердің жалғаса берері анық.
         Айта кетсек, бүгінге дейін осы өрт қалдықтарын тазалау жұмыстары бойынша 170 жүк көлігімен 430 тонна қоқыс шығарылып, базардың 75 пайызы қоқыстан тазартылды. Базарды тездетіп іске қосу үшін нысан аумағы 6 секторға бөлініп, әр секторда Жетісайға жақын орналасқан Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай және Қазығұрт аудандарының құрылысшылары жұмыс істейді. Негізінен осы өрттен 600-ден астам саудагер зардап шегіп, мыңнан астам сауда нүктесі жапа шеккен. Келтірілген шығындарды өтеу бойынша арнайы қор құрылды.
Ұлжан СӘБИТҚЫЗЫ,
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *