Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстанның Бас ботаникалық бағында реликті өсімдіктердің және сәндік бұтақтыларды отырғызу жұмыстары басталды .

Бұл туралы Алматы қаласында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдерімен өткен кездесу барысында Бас ботаникалық бақтың директоры Гүлнара Ситпаева мәлімдеді. Бұл колекциялар Қазақстан флорасының реликті және әлемдік флораның сәндік бұтақты бірегей түрлерімен қонақтарды таныстыруға бағытталған ғылыми жоба болмақ. Сондай-ақ, экспозиционды жер бөлімдері ретінде де қызмет атқарады.

Жиында Орман шаруашылығы басқармасының жетекшісі Мәди Нұрпейісов еліміздегі Бас ботаникалық бақтың жұмыс жоспарымен танысып, қызметкерлерді Халықаралық орман күнімен құттықтады.

Кездесуде Қазақстанның өсімдік ресурстарын зерттеу,  сақтау және қалпына келтіру бойынша ғылыми жобаларды іске асыру, Бас ботаникалық бақтың 2022 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Сонымен қатар өсімдіктердің коллекциялық қоры таныстырылды.

Айта кетейік кездесу соңында Халықаралық Орман күніне және Наурыз мерекесіне орай Бас ботаникалық бақтың қызметкерлері кішкентай бүлдіршіндерге «Дәнді дақылдардан сурет салу» шеберлік сабағын өткізді.   

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1