Өзбекстандық «ГАЗЕТА.UZ» шамамен 01.05-те (жергілікті уақыт) Ауғанстан аумағында жер сілкінісі болғанын хабарлады. Өзбекстан Республикалық сейсмоболжам мониторинг орталығының мәлімдеуінше оның ошағы – Ташкент қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 552 қашықтықта Ауғанстан аумағында, 160-200 шақырымдық тереңдікте болып, оның күші Рихтер шкаласы бойынша 5,8 баллды құраған.
Зілзаланың күші Ташкентте 2-3 балл болса, Термезде 3 балл, ал Наманган мен басқа да қалаларда орта есеппен 2 баллды құраған. Өзбек елі әзірге адам шығындыры мен қираған ғимараттар туралы мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетерлігі, сол зілзаланың күшін Өзбекстанмен шекаралас Қазақстан елдімекендері де (соның ішінде Шымкент қаласы да бар) шамамен 2 баллдық дәрежеде сезінген. Біздің елде де материалдық және адам шығыны туралы мәліметтер жоқ.