АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 20
Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұрақты тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына, сондай-ақ басшылық лауазымдарды атқармайтын кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылатынын хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №72 бұйрығына сәйкес, аталған санаттағы азаматтар әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін өтінімдерін «Otbasy bank» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жылжымайтын мүлік порталы арқылы бере алады.
2026 жылға белгіленген әлеуметтік қолдау шаралары төмендегідей:
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит:
Мырзакент кентіне жұмысқа келген мамандарға – 2500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
ауданның өзге ауылдық елді мекендеріне келген мамандарға – 2000 АЕК-тен аспайтын мөлшерде.
Аталған қолдау шаралары ауылдық жерлерге білікті мамандарды тартуға, олардың тұрақты еңбек етуіне және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды мемлекеттік бастама болып табылады.