2020 жылдан бастап «Сәкен Сейфуллин» атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Тарих» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін Жәйірбек Бекбол Жәйірбекұлының бойында ақындық қабілет бар. Ол 1982 жылы 11 ақпанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылында өмірге келіп, 1999 жылы Қаратұрық ауылындағы Авут Саттаров атындағы орта мектепті бітірді.
2007 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Тарих» факультетін, «Тарих, құқық және экономика негіздері мамандығы» бойынша бітірген соң, әртүрлі қызмет саласында жүрді. 2011-2013 жылдар аралығында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар ауылында Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте «Тарих» пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 2013-2019 жылдар аралығында профессор Рузуддиновтың медициналық-стоматологиялық колледжінде «Қазақстан тарихы» пәнінің аға оқытушысы қызметін атқарды. Сондай-ақ, 2014-2016 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсіп, «Тарих» мамандығы бойынша педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алып, 2019-2022 жылдар аралығында Талғар қаласы, Д.А.Қонаев атындағы университеттің колледжінде «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы қызметін атқарды.
Бүгінде өмірлік жолдасы Назым Оспанова екеуі үш ұлды бағып-өсіруде.
Біз, Сіздерге төменде оның өлеңдерін ұсынып отырмыз. Лайықты бағасын берерсіздер деп ойлаймыз.