Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУЫЛДАСТАР ӨЗ БАСТАМАЛАРЫМЕН СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » АУЫЛДАСТАР ӨЗ БАСТАМАЛАРЫМЕН СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

АУЫЛДАСТАР ӨЗ БАСТАМАЛАРЫМЕН СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

           Еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда көктемі ерте келетін Жетісай жерінің тұрғындары да басқа жақтағыларға қарағанда ерте қамданады. Яғни көктемгі егістікті ерте бастап, тазалық жұмыстарын да ерте бастайды.
         «Туған жердің топырағы – бәрімізге қымбат» деп ұрандатқан Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінің тұрғындары ауыл ақсақалдарының бастамасымен ауылдарына жаппай тазалық жұмыстарын жүргізді.
         Туған елге, ауылға қарайласып, ерте көктемде сенбілік ұйымдастырып, туған өлкенің көркеюіне мұрындық болып отырған азаматтардың тірлігі қашан да құптарлық бастама.
          «Амандық болса, алдағы төрт-бес жылда бұл маң адам танымастай болып өзгеретініне сенімдіміз. Бастысы бауырлар-дың, ағайындардың ынтасы зор. Бір қуанарлығы – бұл іске жастармен қатар ауылдың үлкендері де тартылып отыр» дейді ауыл ақсақалдары.
           Сенбілік барысында ауыл ішіндегі арық көздері тазаланып, көшелер де ретке келтіріліп отыр. Ауыл азаматтарының арасында осындай іске қолдау көрсетіп, басы-қасында арнайы техникалармен көмек көрсеткендер де болды.
          Ерте көктемде ауылдағы ағайын жазғы және күзгі тірлігіне ерте қамданып жатады. Алайда, кейде қолда барды ұқсата алмай, қала берді техника жетпей, бір істің қиуы кетіп жататыны тағы анық. Ал, мұндайда үтіртөбелік жігіттердің ісіне тіпті риза болып, «Әй, бәрекелді!» деуден басқа айтар сөз жоқ.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1