Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАНДЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАНДЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АУДАНДЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

         Аудан әкімі Серік Мамытовтың төрағалығымен аудандық әкімдікте аппарат мәжілісі болып өтті. Бұл мәжілісте ауданның ауыл шаруашылығы мен құрылыс, білім мен инфрақұрылым, ішкі саясат салаларына қатысты бірқатар мәселелер қаралып, нақты тапсырмалар беріліп, ұсыныстар талқыланды.
          Аудан басшысы мен бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті мекемелердің өкілдері қатысқан басқосудың негізгі тақырыптарының бірі су үнемдеу технологияларын енгізу және жыл соңына дейінгі нақты жоспардың орындалуы болды. Бұл бағытта аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерасыл Зекен баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайбеков келешекте пайдалануға берілетін мектептердің оқушылармен қамтылуы жайлы баяндады.
       Мәжілісте бұдан бөлек, жылыту маусымына дайындық, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалуы, күзгі әскерге шақыру науқанының барысы, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы саласындағы жұмыстар да кеңінен талқыланды. Бұл мәселелер бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева, және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Сұлтан Исахов есеп берді.
          Аудандық жиын қорытындысында аудан басшысы барлық бөлімдер мен мекемелердің өзара үйлесімді жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтіп, өңірдің дамуы үшін әр салада жауапкершілік пен нақты нәтиже қажеттігін айтты.
Сұңғат ҚУАНЫШБЕК,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1