Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГКЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АУДАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГКЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГКЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сайлаудан жеңіп шыққан Тұрғанбаев Ербол Шүренбайұлы аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін, Мақтаарал ауданына қарасты Мақтаарал ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов жаңа басшыны округтің активіне таныстырып, бастап жатқан қызметіне сәттілік тілесе, округтің белсенділері жаңа әкімнен көп үміт күтетіндерін айтып, оған қолдау білдірді.
Ербол Шүренбайұлы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданында туылған. А.Р.Беруний атындағы «Ташкент Халықтар Достығы» политехникалық институтын, «Құрылыс бұйымдары және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын 1990 жылы Жетісай ауданында «Салтанат» сауда орталығы директорының орынбасары болып бастаған. Кейіннен «Животновод» шағын кәсіпорын директорының орынбасары болып еңбек жолын жалғастырды.
1993 жылы «Жетісай» нан комбинатында қойма меңгерушісі, 1996 жылы «Сауда Базар» ЖШС-і директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1998 жылы іріленген Мақтаарал ауданында «Тұтыншулардың құқығын қорғау» қоғамының төрағасы болып еңбек етсе, 2000 жылы «Ынтымақ» мақта өңдеу зауытының инженері болды.  2008 жылы Ақмола облысы, Шучинск ауданында «Тазалық-Сервис» МКК-нің бас инженері, кейіннен директоры  қызметтерін атқарып, қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Алматы қаласында «ASV 7group» ЖШС директорының орынбасары болып еңбек етті.
Мақтаарал ауылдық округі — Мақтаарал ауданында жерінің көлемі және халқының саны бойынша ең үлкен округ саналады. Округтегі 16 ауылда 18 мыңға жуық тұрғын бар.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1