Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАН ЭКОНОМИКАСЫН АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗЕТІН КӘСІП - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » АУДАН ЭКОНОМИКАСЫН АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗЕТІН КӘСІП

АУДАН ЭКОНОМИКАСЫН АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗЕТІН КӘСІП

            Ағымдағы жылдың тамызында, Жетісай ауданының әкімі С.Мамытов бастаған жұмысшы топтың көршілес Өзбекстанға жасаған сапарында Андижандағы «Тұт көшеті кластері» мекемесінің басшысы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Абдуфаттах Мусырманкуловқа ауданға келіп, жергілікті кәсіпкерлермен семинар өткізіп берсеңіз деп ұсыныс жасаған болатын.
         Сол шақыртуды қабыл алған Абдуфаттах Мусырманкулов мырза жетісайлық кәсіпкерлермен кездесіп, жібек өндірісіне қажетті тұт көшетін өсіру бойынша арнайы семинар өткізді. Семинар кезінде аудан экономикасын ары қарай дамытуға мол септігін тигізетін жібек – жібек құртының пілләсынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық екені, содан өндірілген өнімнің келісін көршілес Өзбекстандық инвесторлар 600 теңгеге дейін сатып алатындықтарын айтылды.
          Мамандардың пікірінше асыранды жібек құрты барлық жібектің 90%-ын береді. Ал жібектің механикалық қасиеттері жоғары, әрі жақсы диэлектрик, 120 – 130°С ыстыққа төтеп береді, тек 160 – 170°С-та ғана ыдырай бастайды. Сондықтан, жасанды жібек өндірісін жолға қою – табысты арттырудың тиімді тәсілі болып табылады.
          Сонымен қатар, жиын барысында  «Ауыл аманаты» бағдарламасының VI бағыты бойынша жібек құртын өндіруге ниет білдірген тұрғындарға 2,5 пайызбен қаржылай көмек көрсетілу тетіктері, тұт ағашының қолдан өсірілетін (асыранды) құртынан және жабайы емен құртынан алынатын өндірістік жібек өндіру жолдары да түсіндіріліп, ертеде Қытайдан шығарылатын жібек маталар Ұлы Жібек жолы арқылы дүние жүзінің басқа аймақтарына таралып, саудагерлерге мол табыс әкелгені де айтылды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1