Қоғам

АТАҚТЫ АҚЫН 85 ЖАСҚА ТОЛДЫ

Қаралым: 33
       «Қазақстанның Еңбек ері», қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов 85 жасқа толып отыр. Бұл – «Адамзаттың ақыны», жазушы, отандық әдебиетке, экономика саласының дамуына және де ядролық қаруды бастарту жолында үлкен үлес қосқан біртуар азаматымыздың мерейтойы.
            Мерейтой иесі өз өлеңдері арқылы халықты бейбітшілікке, ынтымаққа, береке-бірлікке үндеді. Олжас Сүлейменов әр жылдары Жазушылар одағын басқарды, мемлекеттік киноматография мекемесіне жетекшілік етті. Сондай-ақ, Жоғары кеңесте депутат болып, бірқатар мемлекетте Төтенше және өкілетті елші қызметін атқарды. Ал, 1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысына бастамашылық етіп, ядролық қару сынағына жаппай тыйым салу жөніндегі құжаттың қабылдануына себепкер болды.
           Халқымыздың мақтанышы – 2016 жылы отандық әдебиетті дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек ері» атағын иеленеді.
Зере АЛТЫНБЕК,
Тілеміс батыр атындағы ЖОМ-ның 11-сынып оқушысы,
Ақтоған ауылы, Меркі ауданы, Жамбыл облысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *