Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АСЫҚАТАДА ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АСЫҚАТАДА ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

АСЫҚАТАДА ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

        Бүгінде Жетісай ауданының Асықата кентінде жалпы аумағы 1 гектарды құрайтын жаңа шағын өндірістік парктің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құны 210 млн. теңгеге бағаланған осы нысанда бес түрлі өндіріс орыны ашылып, келешекте 100-ге жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
        Бұл өндірістік парк аумағында түйіршіктелген құрама жем өндіру, темір бұйымдарын дәнекерлеу, құрғақ құрылыс қоспаларын шығару, тұрмыстық химия өнімдері (құрғақ және сұйық ұнтақ, кір сабын, сусабын) өндірісі, сондай-ақ әжетхана қағазы мен майлықтар дайындау цехтары жұмыс істейтін болады.
        Аудан басшысы Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымовтар аталмыш нысанда болып, құрылыс барысын көзбен көрді. Жергілікті инвесторлармен кездесу барысында аудан әкімі жобаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтаудың маңызын атап өтті.
      «Белгіленген жоспарға сай өндірістік паркте бес инвестициялық жоба іске асырылады. Ауданда салынған жаңа индустриялды аймақты және осы шағын өндірістік паркті тиімді пайдалану — экономикалық өсіміміздің маңызды факторы. Инвесторларға заң аясында барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Асықата кенті мен оған жақын Ынтымақ, Жаңа ауыл, Қазыбек би округтерінің әлеуеті өте жоғары», — деді Серік Үсенұлы.
        Айта кетерлігі соңғы бес жылда Жетісай ауданына жалпы құны 90,2 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Құрылысы жүріп жатқан индустриялды аймақ пен шағын өндірістік парк мақталы өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа кәсіпорындардың ашылуына жол ашары анық. Сондай-ақ, 2030 жылға қарай ауданға тартылатын инвестиция көлемін 419,6 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1