Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ 54 ПӘТЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ 54 ПӘТЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ 54 ПӘТЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

         Биылғы жылдың басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысын тәмамдап, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табыстаған Жетісай ауданында «BinazarGroup» ЖШС басшысы Берік Кембилдің өз қаржысы есебінен тағы 54 пәтерлі 2 үйдің қабырғасы қалануда.
          Құрылыста қолданылып жатқан материалдар түгелдей дерлік отандық өнім. Сапасы да тиісті мамандар мен жергілікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауда. Өйткені, аталмыш 2 үйдің құрылысы аяқталған соң 54 пәтерді аудан әкімдігі сатып алып, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың осал тобынан жасақталғандар, бюджеттік немесе мемлекеттік қызметшілер, көпбалалы отбасылар тізімі бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандарға теңдей бөліп беретін болады.
        Жұмыс жоспарына сәйкес аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытов Асықата кентіндегі құрылысы жүргізіліп жатқан көппәтерлі тұрғын үйде болды. Мердігер мекеме басшыларымен тілдесіп, бөлмелерін аралап көрді. Өзгертілуі және толықтырылуы тиіс жұмыстарды айтып, құрылыс сапасына қатаң мән беру керектігін тапсырды.
        Кеңстік дәуірде өндірістік база болған аумағы 0,41 гектар жер учаскесі соңғы 5 жылда қараусыз қалған. Биылғы жылдың сәуір айында қазығы қағылып, қыркүйек айында толығымен аяқталады деп жоспарланып отырған құрылыс жұмыстарының жалпы құны 842 млн теңгені құрайды. Тұрғын үй алаңында балалардың ойын алаңшалары мен спорт-воркоут, автотұрақтар да қоса салынатын болады.
       Айта кетейік, 4911 адам тұрғын үй кезегінде тұратын ауданда жыл соңына дейін сатып алу құқығынсыз тағы 150-ге тарта арендалық тұрғын үй тапсыру жоспарланып отыр.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Асықата кенті. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1