Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл сөздің астарында тұтас бір халықтың тағдыры, мемлекет тарихы, ұлттың рухани болмысы жатыр. Көпшілік архивті тек құжат сақталатын орын деп қабылдауы мүмкін. Ал мен үшін архив – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір, ұлттың жады мен болашақтың кепілі. Архив – өмірімді арнаған қасиетті мекен.
     Мен үшін архив саласындағы әр күнім – туған жердің тарихына қызмет етудің, елдің аманатына адал болудың көрінісі. Осы жолда еңбек еткеніме тағдырға ризамын. 1996 жылдан бері Жетісай өңірлік мемлекеттік архивіне басшылық етіп келемін. Осы уақыт ішінде архив саласының сан түрлі кезеңдерін бастан өткердік. Елмен бірге есейдік, заманмен бірге жаңардық. Бірақ өзгермеген бір ғана құндылық бар. Ол – халықтың тарихи жадын көздің қарашығындай сақтау.
      Биыл Түркістан өңіріндегі архив ісінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Бұл – бір ғасырлық шежіре. Бұл – жүз жыл бойы архив ісіне адал қызмет еткен мыңдаған азаматтың еңбегі мен маңдай терінің жемісі. Осы мерейлі белесте Жетісай өңірлік мемлекеттік архиві де өзінің алпыс жылдан астам қалыптасқан тарихымен өңірдің рухани өмірінде ерекше орын алады.
     Архивіміздің іргетасы өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қаланды. Талай әкімшілік өзгерістерді бастан өткерген мекеме уақыт сынынан сүрінбей өтіп, бүгінгі күні өңірдің тарихи мұрасын сақтайтын маңызды орталыққа айналды. Бұл жолда бізден бұрын еңбек еткен аға буын архившілердің еңбегі өлшеусіз. Бүгінгі жетістігіміз – сол кісілердің адал еңбегінің жалғасы.
     Қазіргі таңда архив қорында 392 қор бойынша 139 мыңнан астам сақтау бірлігі сақтаулы. Бұл – жай ғана статистика емес. Бұл – мыңдаған адамның тағдыры, мемлекеттік мекемелердің қалыптасу тарихы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының шынайы шежіресі. Әрбір құжаттың артында бір дәуірдің тынысы, бір әулеттің тарихы, бір адамның өмір жолы жатыр.
      Заманауи архив – тек құжат сақтайтын орын емес. Ол – ғылыми ізденістің, цифрлық технологияның және қоғаммен ашық байланыстың орталығы. Сондықтан біз соңғы жылдары архив қорларын цифрландыруға ерекше мән беріп келеміз. Мыңдаған сақтау бірлігі электрондық форматқа көшіріліп, «Е-архив» ақпараттық жүйесіне енгізілуде. Бұл – тарихи мұраны уақыт талабына сай сақтап, оны келер ұрпаққа жоғалтпай жеткізудің сенімді жолы.
     Біздің жұмысымыз құжаттарды сақтаумен ғана шектелмейді. Архивтің басты міндеті – тарихты халықпен қайта қауыштыру. Осы мақсатта Жетісай және Шардара аудандарындағы мекемелерге тұрақты әдістемелік көмек көрсетіп, архив ісін жетілдіруге бағытталған семинарлар ұйымдастырамыз. Архив құжаттары негізінде көрмелер өткізіп, мектеп оқушылары мен студенттерге экскурсиялар ұйымдастырамыз. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы архив қорындағы тарихи деректерді кеңінен насихаттап келеміз.
         Басшылық еткен жылдарымда 2013 жылы Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің қорлар бойынша Жөнсілтерін жарыққа шығардық. Сонымен қатар «Архив-2025» кешенді жобасына сәйкес архив қорындағы жеке тектік құжаттар негізінде «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына» арналған «Мырзашөлдік Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлері» атты жинақ дайындалды. Аталған жинақ тиісті органдармен келісіліп, ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің Архив, құжаттама және кітап істері комитеті жанындағы Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді қарау жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңеске жолданған. Сонымен қатар бірнеше жылдан соң Мақтаарал ауданының 100 жылдық мерейтойына арнап Мырзашөл өңірін басқарған басшылардың өмірбаяндық жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы – жас ұрпақтың туған жер тарихына деген құрметін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар.
       Мен әрдайым архивтің ең үлкен байлығы – құжат емес, сол құжатқа жанашырлықпен қарайтын адам деп есептеймін. Біздің ұжымда жиырма, отыз жыл бойы архив саласында үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар аз емес. Олардың әрқайсысы архивтің тынысын терең сезінеді, әр құжаттың қадірін біледі. Осындай ынтымағы жарасқан ұжыммен еңбек ету – мен үшін үлкен мақтаныш.
    Архив қызметкерлерінің еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланып келеді. Ұжымымыздың мамандары «Облыстың үздік архивисі» атанып, министрліктің Алғыс хаттарына, «Архив саласының үздігі» төсбелгілеріне және басқа да жоғары марапаттарға ие болды. Бұл – тек жеке адамдардың жетістігі емес, тұтас ұжымның ортақ еңбегіне берілген баға.
      Мен үшін архив – өткенді сақтау ғана емес, болашақты қалыптастыру. Өйткені бүгін біз сақтап отырған әрбір құжат ертеңгі ұрпақтың тарихи танымына қызмет етеді. Ертеңгі зерттеуші, ғалым немесе қарапайым азамат өз атасының, туған өлкесінің тарихын дәл осы архивтен табады. Сондықтан архивке деген жауапкершілік ешқашан жеңілдемейді.
       Қазақ халқы «Өткенін құрметтегеннің болашағы баянды» дейді. Бұл сөздің мәнін архивте еңбек еткен адам ғана терең түсінеді. Біз құжатты ғана емес, халықтың тағдырын, елдің рухын, тәуелсіздіктің шежіресін сақтап отырмыз.
    Түркістан өңіріндегі архив ісінің ғасырлық мерейтойы – бәріміз үшін үлкен мақтаныш. Осы айтулы дата архив саласының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте айқындай түседі. Алдағы уақытта да Жетісай өңірлік мемлекеттік архиві ұлттық архив қорын толықтыру, тарихи құжаттарды сақтау, цифрландыру, ғылыми айналымға енгізу және жастардың тарихи санасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.
    Тарих – халықтың жады. Архив – сол жадының жүрегі. Ал сол жүректің соғысы ешқашан тоқтамауы тиіс. Өйткені өткенін сақтай алған халықтың ғана болашағы нық, келешегі кемел болады. Мен үшін архивке қызмет ету – елге қызмет ету. Осы қасиетті міндетке адал болу – менің өмірлік ұстанымым әрі кейінгі ұрпаққа қалдырар ең үлкен аманатым.
    Осынау тарихи мерейтой аясында Түркістан облысының мемлекеттік архивінің басшысы Гүлнара Сәдібекқызы Шардарбекованы және облысымыздағы барлық архив мекемелерінің ардагерлері мен қызметкерлерін Түркістан өңіріндегі архив ісінің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
        Гүлнара Сәдібекқызының архив ісін дамытуға, тарихи мұраны ғылыми айналымға енгізуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және архив саласының қоғамдық беделін арттыруға қосып келе жатқан еңбегі зор құрметке лайық. Ел тарихын ұлықтау жолындағы жауапты қызметіне толағай табыс, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт пен жаңа жетістіктер тілеймін. Алдағы уақытта да архив саласының өркендеуіне бағытталған игі бастамаларыңыз бен тың жобаларыңыз жемісті жалғасын тауып, ел игілігіне қызмет ете берсін.
      Сонымен қатар, архив ісінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер архившілерге, бүгінде осы қасиетті саланың абыройын асқақтатып жүрген барша әріптестерімізге шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің көзге көп көріне бермейтін, бірақ ұлт тарихы үшін баға жетпес еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалануға лайық.
     Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толайым табыс, шығармашылық ізденіс, баянды береке мен кәсіби жетістіктер тілеймін. Ұлттың тарихи жадын сақтауға бағытталған қасиетті қызметтеріңіз әрдайым жемісті болып, архив қорлары халқымыздың мәңгілік рухани қазынасы ретінде толыға берсін!
      Ғасырлық тарихы бар архивтің абыройы асқақтай берсін! Тарихқа тағзым – өткенге құрмет қана емес, болашаққа деген жауапкершілік. Ұлт жадының алтын қазығы болған архив ісі мәңгі жасай берсін!
Мейрамбек ХОЖАЕВ,
Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде орналасқан Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1  

АБЫЛАЙ ФЕНОМЕНІ

«Алыстан орыс, қытай – ...