Билік

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ПЛЕНУМЫ

Қаралым: 40
      Қазақта «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген дана сөз бар. Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің пленум жиыны өтті.
      Оған аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері, аудандық әжелер алқасы, аудандық «Әкелер кеңесі» ұйымы және аудандық «Аналар кеңесі» қоғамдық ұйымдары қатысып, күн тәртібінде ұйымның құрамына пысықтау жасалып, ардагерлер, әжелер, сонымен қатар қоғамдық ұйымдарды жастар тәрбиесіне тарту, қоғам мен жастардың патриоттық сезімін арттыру жолындағы шаралар мен алдағы атқарылатын қоғамдық-саяси іс-шараларға жоспарлы бағдарлама түзу және әртүрлі мәселелер қаралды.
     Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров ашып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әкелер кеңесінің төрағасы Ш.Байтенов пен әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева баяндама жасады. Өз баяндамаларында күнделікті мәселелерден бөлек ардагерлердің тұрмыстық, әлеуметтік мәселелері, қоғамдағы ер азаматтардың жас ұрпаққа тәрбие берудегі жауапкершілігін арттырудағы, ұл-қыз тәрбиесіндегі маңызды атқарылатын жұмыстарға қатысты бірнеше ұсыныстары қаралды.
        Ардагерлер кеңесінің пленум жиынына аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова мен «Нұр-Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Асабаев қатысып, қоғамдық ұйымдарға бағыт-бағдар беріп, алдағы жоспарлы іс-шараларға ардагерлерді және қоғамдық ұйымдарды белсене қатысуға шақырды.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *