1 наурыз күні сағат 11.00-де Алматы қаласында Ұлттық кітапханада Qazaq club жанындағы Ұлт құндылықтарын сақтау орталығының бастамасымен 2024 жылға арналған Ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің тұсаукесері өтеді. Бұл таныстырылым «Қазақ күнтізбесі» акциясы шеңберінде өткізіліп отыр.
Бүгінде аталған күнтізбе 2023-2024 оқу жылында Қарағанды облысының білім беру мекемелеріне барлығы – 417 мектепке, Мәдениет басқармасымен 254 кітапханаға және 286 мәдениет клубы мен мұражайларға, сондай-ақ спорт мектептеріне енгізілді. Қазіргі уақытта күнтізбені мектепке дейінгі мекемелерге енгізу жұмыстары іске асырылуда. Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі 27 тарихи тұлғаны, 18 ұлттық құндылықты, 8 тарихи оқиғаны, 3 дәстүрлі мерекені насихаттайды.