Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы ауылындағы референдум бойынша №394-ші сайлау учаскелерінде 1124 сайлаушы бар. Сағат 11.00-ге дейінгі мәлімет бойынша 503 адам, солардың арасында таңертең зейнеткерлер – Иман Момбеков пен Людмила Налибаевалар алғашқылардың бірі болып болып дауыс берді.
«Мақтаарал» ПК су маманы Қайрат Айнабеков: «Президент ұсынған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға 33 өзгеріспен толықтыру енгізілмек. Еліміздің ертеңі халықтың қолында. Референдумға белсене қатысып, өз қолдауымды білдірдім», деді.
Ал жергілікті фермер Сәрсенбек Адеханов еліміздің Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Парламент палаталарының рөлі күшейіп мәртебесі артады. Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделі енеді. Соның арқасында халық ел басқару ісіне еркін қатысады» — деді.
Мұнда азаматтар белсенділігі жоғары.
Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ, Мақтаарал ауданы.