Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АДАЛ КӘСІП - АРДЫҢ ІСІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » АДАЛ КӘСІП — АРДЫҢ ІСІ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

АДАЛ КӘСІП — АРДЫҢ ІСІ


Былтырғы жылы Шардара аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында 4 отырыс өтіп, өтінім берген 180 азаматтың 130-ның құжаты мақұлданып, мемлекеттік грант берілген. Ал, биылғы жылы 91 адамнан келіп түскен өтінімдердің 70-і мақұлданып, қаржы алған азаматтар өз кәсіптерін ашып жұмыстарын жасап жатыр.
 
Сала мамандарының мәліметінше былтырғы жылы мемлекеттік қайтарымсыз қаржы алғандардың басым бөлігін мал шаруашылығымен айналысатындар құраса, биылғы грант иелері нан өнімдерін өндіруді қолға алып отыр.
Осы айдың өзінде тағы 47 азаматтан өтінім түсіп, қосымша 30 адамның бизнес жобасы мақұлданған. Комиссияның келісімін алғандардың 7-і мүмкіндігі шектеулі жандар болса, 23-і 29 жасқа дейінгілер.
 
«Грант қаржысын алған күннен бастап жұмыспен қамту орталығы 12 айдың ішінде бір рет мониторинг жұмыстарын жүргізуге құқылы. Былтырғы қаржы алғандарына да, биылғы алғандарына да орталық мамандары тарапынан мониторинг жасалды. Ешқандай заң бұзушылықтар анықталмады.
Мемлекеттің қаржысы бақылаусыз болмайды, әрбір тиыны мақсатты жұмсалуы тиіс» дейді Шардара аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нартай Майханов.
 
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға ниеттілердің қатарында мүмкіндігі шектеулі, ІІІ топ мүгедегі Ғалия Жолдасова да бар. Кезінде тігіншілікпен де, аспаздықпен де айналысқан ол енді үй жағдайында тұшпара түюді қолға алып отыр. Айына 1 тоннаға дейін өнім дайындай алады. Қазірдің өзінде отбасылық бизнесті жөнге қойған азаматша кәсібін кеңейтуге ниетті.
 
«Мен дұңған мантысын, пельмен, вареники түйемін, қысты күндері голубцы істеймін. Барлығы қолжетімді баға, өтіп жатыр. Сұраныс өте көп менде. Магазиндерім де көп менде өткізетін. Совхоздардан да келіп алып кетіп жатыр.
Адамдарды көп қабылдауға жағдайым жоқ. Күніне 20-25 кг шығарам. Егер кішкене болса одан да көп шығаруға мүмкіндігім бар» дейді Ғалия Жолдасова.
 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша 3293 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 102 адам мүмкіндігі шектеулі жандар.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Шардара ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1