Жаңалықтар

«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Қаралым: 19
         2021 жылдың 01-03 сәуір аралығында аудан аумағындағы автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастар) азаматтарға қатысты бақылауды жүзеге асыру мақсатында Республикалық “Автобус” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
        Аталған іс-шара барысында көлік құралдарының санитарлық, техникалық жағдайы және жүргізушілер де тексеріледі. Оның ішінде, заңсыз қайта жабдықталған, техникалық жай-күйі мен құрлысы келмейтін автобустар, жолаушылар мен жүктерді, сондай-ақ шет ел азаматтарын заңсыз тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер анықталып, әкімшілік жауапқа тартылуда.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *