Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
VIP НӨМІРЛЕР EGOV.KZ ПОРТАЛЫ МЕН EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » VIP НӨМІРЛЕР EGOV.KZ ПОРТАЛЫ МЕН EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ

VIP НӨМІРЛЕР EGOV.KZ ПОРТАЛЫ МЕН EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ

           Енді қазақстандықтар eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында автокөлікке VIP нөмірлерге тапсырыс бере алады. МТНБ-нің қарапайым нөмірлері бұл санатқа кірмейді, олар әдеттегідей мамандандырылған ХҚКО-ларда қолжетімді.
           «Автокөлікке VIP нөмірге тапсырыс беру» жаңа сервисі порталдағы басты бетте қолжетімді eGov.kz «қызметтер» бөлімінде. Аналогиялық қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасында басты бетте «танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді.
            «Беделді» нөмірлерге сұраныс жылдан жылға артып келеді. Осы уақытқа дейін мұндай нөмірлерді тек арнайы ХҚКО-ларда брондауға болатын еді, ал қазір оларды eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында тапсырыс беруге мүмкіндік туды. Мұндай сервисті цифрлық форматқа шығару арқылы біз ХҚКО кезектерінің санын азайтамыз. Ал Қазақстандықтарда бұл қызметті алу үшін тағы бір ыңғайлы құрал бар»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
           Жөғары сұраныс нөміріне тапсырыс беру үшін пайдаланушыға:
  • kz порталында авторизациядан өту керек;
  • МТНБ жөғары сұраныс нөмірін іздеу;
         Егер көрсетілген нөмір бос болмаса, басқасын енгізу керек. Ал   нөмір бос болса, құны АЕК-те және теңгемен көрсетіледі.
  • Облысты, ЦОН-ды, МТНБ түрін таңдау қажет;
  • төлем енгізу;
  • қол қою.
          Қызмет нәтижесі eGov.kz порталдың мәртебелік бетінде және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде пайда болады.
          Дайын нөмірді көрсетілген ХҚКО — дан алу қажет.
          Айта кеткен жөн, МТНБ қарапайым нөмірлері мен VIP нөмірлерді арнайы ХҚКО-ларда да алуға болады.
            Қызмет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті және ҚР Ішкі істер министрлігінің жұмысы арқасында жүзеге асты.
«ҰАТ» АҚ  Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1