Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
USAID-тың Орталық Азияда трансшекаралық су ынтымақтастығын нығайтудағы жаңа бағдарламасы - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » USAID-тың Орталық Азияда трансшекаралық су ынтымақтастығын нығайтудағы жаңа бағдарламасы

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

USAID-тың Орталық Азияда трансшекаралық су ынтымақтастығын нығайтудағы жаңа бағдарламасы

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін және Орталық Азияның бес еліндегі Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жаңа бес жылдық $24,5 миллион тұратын USAID-тың су ресурсы және қоршаған орта аймақтық бағдарламасын іске қосатынын жариялады.

USAID-тың су ресурсы және қоршаған орта аймақтық бағдарламасы су, энергетика және ауылшаруашылық салаларының өзара байланысын, сонымен қатар, климаттың өзгеруіне қатысты осалдықтарды қарастырып, Орталық Азиядағы тұрақтылықты, экономикалық өркендеуді және сау экожүйелерді ілгерілетуге бағытталған.

USAID Орталық Азиядағы су секторын көптеген жылдар бойы қолдап келеді. Соңғы он жыл ішінде USAID су ресурстарын басқарудың интеграцияланған қағидаттарын енгізуде шешуші рөл атқарып, ынтымақтастық пен ресурстарды тиімді басқарудың артықшылықтарын көрсетті. USAID суды басқаруға қоғамдастықтың қатысуын арттырып, Орталық Азиядағы су менеджерлері мен техниктерінің жаңа буынын дайындауға үлес қосты.

USAID-тің жаңа су мәселелері бойынша бағдарламасы USAID-тың аймақтық су ынтымақтастығына қосқан үлесі арқасында қол жеткізілген нәтижелерге негізделеді. Бағдарлама халықаралық донорлық жобалармен тығыз үйлестіріп, атқарылатын жұмыстың әсерін арттыру мүмкіндіктерін іздейді. Сондай-ақ, бұл бағдарлама жергілікті және аймақтық серіктестермен бірге жергілікті әлеуетті арттыру, ынтымақтастықты нығайту, демонстрациялық іс-шараларды жүзеге асыру және жеке сектордың нарықтық шешімдерін қолдау мақсатында жұмыс істейді.

                                                     ###

USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтына және Facebook парақшасына кіріңіз.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1