Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
USAID Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуде - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » USAID Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

USAID Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

        24 қыркүйек 2021 жыл, Нұр-Сұлтан – Осы айдың басында АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) Қазақстандағы Маңғыстау облысында жалғасып келе жатқан қуаңшылықтан зардар шеккен адамдарға көмек көрсету үшін шұғыл түрде 100,000 АҚШ доллары көлеміндегі соманы беретіні туралы жария етті. Қазақстанның Қызыл Жарты ай ұйымына USAID қуаңшылықтан зардап шеккен халықтың ең осал топтарына қолдау көрсету үшін 100 000 АҚШ доллары көлемінде грант ұсынды.
         Маңғыстау облысында толастамай жатқан қуаңшылық мыңдаған сиыр мен жылқының қырылуына, егіс алқаптарының жойылуына және тұщы судың онсыз да жұтаң ресурстарының сарқылуына алып келді. Мал шаруашылығы осы өңірдегі негізгі кіріс көзі болып табылатындықтан, табиғи апат айтарлықтай залал келтірді. Қуаңшылықтың салдарынан сүт пен ет өндіру көлемі төмендеді. Соның салдары жергілікті халықтың кірістері мен тіршілік етуге қажетті қаржысына кері әсерін тигізуде.
           Малдың өлім-жітімінен зардап шеккен 200-ден астам үй шаруашылықтары қаржылай көмек алады. Аталған көмектің мөлшері үй шаруашылығының әрбір мүшесі үшін күнкөріс минимумына сүйеніп есептеледі – бір үй шаруашылығына шаққанда 170 000 теңгеге дейін. Жағдайды бағалап, көмекке көбірек мұқтаж үй шаруашылықтарын анықтағаннан кейін қаржылай көмек алушылардың банк шоттарына аударылатын болады.
###
           Орталық Азияның бағдарламасын АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырып, Internews іске асырады. Бағдарлама Орталық Азияда теңдестірілген ақпараттық ортаны дамытуға бағытталған. Бұл жастар мен егде буынның идеялар алмасуға, түрлі пікірлер мен көзқарастарға ашықтығын дамытуға, мүмкіндігінше көп азаматты қоғам өміріне тартуға көмектеседі. USAID – әлемдегі маңдайалды халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын негізгі қозғаушы күш. Орталық Азиядағы USAID сайты және Орталық Азиядағы USAID парақшасында қосымша ақпарат бар.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1