SAUDI ARAMCO-ҒА ШЫНАЙЫ АҚПАРАТ БЕРМЕДІ ДЕГЕН АЙЫП ТАҒЫЛДЫ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 21
Essam Al-Sudani / Reuters-тың фотосы
Bloomberg әлемдегі ірі мұнай компаниясы Saudi Aramcoны жалған ақпарат таратқан деп күдіктенуде. Оның жазуынша бұл компания инвесторларға өзінің мұнай өңдеу мен химиялық кәсіпорындарынан атмосфераға тасталатын зиянды қалдықтардың шынайы мөлщерін көрсетпей отыр екен.
2019 жылы IPO-ға шығарылғанға дейін Saudi Aramco әлеуетті инвесторларға көмірқышқыл газдары шығарындыларын басқа өндірушілерге қарағанда аз шығаратын компанияның үлесін сатып аласыздар деп уәде берген болатын. Алайда, агенттіктің анықтауы бойынша, Saudi Aramco шығарындылар туралы ақпараттар бергенмен, бұл есептерде қарауындағы жалпы мөлшері 55 миллион метрлік тонна көмірқышқыл газын өндіретін көптеген мұнай өңдеу зауыттары мен химиялық өндірістерден деректер келтірмеген. Ал, бұл Португалия сияқты елдің жыл сайынғы шығарындыларына сәйкес келеді.
«Егер компания барлық өндірістік нысандардан шығарындылар туралы толық есеп берсе, онда олардың көлемі екі есеге артатын еді», — деп түйіндейді агенттік.