Home » PRESS RELEASE » News » НАУРЫЗ – ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

НАУРЫЗ – ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

        Ұлыстың ұлы күні – бүкіл Орта Азия халқы тойлайтын мерекенің қатарында. Қазіргі уақытта Наурыз мейрамын ресми мемлекеттік және дәстүрлі мереке ретінде – Тәжікстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда, Әзірбайжанда, Абхазияда, Албанияда, Қырғызстанда, Македонияда, Түркияда және Қазақстанда атап өтіледі. Тіпті Ауғанстан, Иран секілді алыс шет елдері мерекенің келуін тағатсыздана күтеді. Осы мейрамның бір ерекшелігі қаншама ұлттардың ортақ дәстүрліэлементін және көптеген  ұлыстың бояуын байқауға болады. Барлығымызды байланыстырып отырған Жібек жолы торабында орналасқан еліміз бен жеріміз.
       Әуелде отарлаған тоталитарлық жүйенің ықпалымен ата-баба дәстүрін халық жадынан қасақана ұмыттыру мақсатында 1926 жылдан бастап, Орталық Азия құрлығының халқына наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды 62 жыл бойы сынын жоғалтқан бұл мереке елімізде 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, түркі тілдес халықтар арасында Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.
     Елімізде Наурыз мерекесі 1991 жылы 15 наурызда Қазақ ССР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Тұңғыш Президенттің Қаулысымен наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» етіп жариялады. 2001 жылы Наурыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп жарияланды. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген мәртебе берілді. Осылайша дәстүрлі ұғымға ие мейрам, мемлекеттік ұғымға да ие болды.
          Сонымен қатар, 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Бас ассамблеясының  64-қарарына сәйкес, 21 наурыз  «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Ал 2009 жылдың  30 қыркүйегінде UNESCO Наурыз мейрамын адамзаттың  материалдық  емес мәдени  мұра тізіміне кіргізді.
        Жалпы, Наурыз мейрамы қай кезден бастап тойланып келеді? Осыған байланысты бірнеше деректер бар. Бірақ наурыздың бастауы туралы нақты деректің жоқтың қасы. Кейбір ғалымдардың айтуынша наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі болып табылады. Орта Азия елдері Наурыз мейрамын заманауи діндер мен көптеген мемлекеттер пайда болғанға дейін 5000 жылдан аса уақыт атап өтіп келеді дейді. Ал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Нұх Наурызнама» деген жазбаларына сүйенсек, Ұлыстың ұлы күні наурыздың тамырлары зороастризм және шаманизм дәуірінен бастау алмайды. Оның негізі Нұх пайғамбардың заманынан қалған мейрам екендігі алға тартқан.
        Бүгінде ұлыстың ұлы күні адамдар қол алысып қауышады. Сонымен бірге, барлығы «Жаңа жыл құтты болсын!» – деп амандасып, біріне жақсы тілектер айту үрдіске айналған. Алайда, Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастауы немесе жаңа жыл мейрамы деп айтылу себебі неде? Сондай-ақ, наурыз айының 22 күні жер шары алаңдарын қоспағанда, бүкіл жер бетінде күн мен түн теңесетіндігін алғашқы болып кімдер дәлелдеді?
        Осыған байланысты XI ғасырдың өзінде ұлы ғалым әрі ақын Омар Хайям жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың толық циклды аяқтағаннан кейін, өзінің бастапқы жүру нүктесіне келіп, жаңа жолды – шеңберді қайта бастайтынын байқады. Бұл бақылауының негізінде Омар Хайям сол кезде билік еткен Жалалад Дин Мәлік Шах ибн Әл-Арслан Селжүктің құрметіне «Мәлік күнтізбесі» деп аталатын жаңа күнтізбе құрастырды. Онда жаңа циклдың басталуы 22 наурызға – көктемгі күн мен түннің теңелетінін күніне түседі. Бұл күнтізбе қазір пайдаланып жүрген күнтізбеге қарағанда, әлдеқайда дәлірек болды. Өйткені 365 күн бар күнтізбеге қарағанда, жылына 324 күнді құрайтын Мәлік астрономиялық күнтізбесіндегі қателік 0.0002 күн және одан кем екендігін дәлел берген. Ал бүгінгі астроном ғалымдары осы айғақты растайды.
        Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары наурыз мейрамын мұсылмандықтың жаңа жылы  немесе наурыз діни мейрам деп жаңылыс атап өткендер болды. Өкінішке орай бұл наурыз мерекесін бүкіл мұсылман елдері тойламайды. Наурызды исламдық мерекелерге қатысы бар деп түсінуге де болмайды. Дәстүріміздегі барлық мұра құндылықтарымызды Ислам дінімен байланыстыру  қате пікір. Өйткені Ислам дінінде ресми түрде екі мейрам ғана бар. Ораза айт және Құрбан айт мейрамы. Шариғат сөзімен айтқанда: «Наурыздың діни мереке болу үшін Ораза, Құрбан айттары сияқты діни үкімдері болу қажет».
А.ДҮЙСЕН,
 Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...