Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЕЛІМІЗДЕГІ 8 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ QS WUR ПӘНДІК РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЕЛІМІЗДЕГІ 8 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ QS WUR ПӘНДІК РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

ЕЛІМІЗДЕГІ 8 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ QS WUR ПӘНДІК РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

        Еліміздегі 8 жоғары оқу орны 22 наурызда жарияланған QS World University Rankings by Subject 2023  ‒ әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді.
         Нәтижелерге сәйкес, қазақстандық жоғары оқу орындарының топ-100 пәндік рейтингке қатысуы екі еседен астам, үштен жеті позицияға дейін өсті. Сондай-ақ, Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде өз ықпалын арттыруды жалғастыруда: пәндік рейтингтердегі білім беру бағдарламаларының саныөткен жылмен салыстырғанда тоғызға артып, 40-қа дейін, рейтингтегі жоғары оқу орындарының саны сегізге дейін ұлғайды. Тізімге – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Satbayev University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, СДУ, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті енді.
        Қазақстандық жоғары оқу орындарының тағы бір жетістігі — бес пәнді қамтитын салалық рейтингтерге қатысуы болды. Олар: өнер және гуманитарлық ғылымдар, инженерлік ғылымдар мен технологиялар, өмір туралы ғылымдар және медицина, жаратылыстану ғылымдары, қоғамдық ғылымдар және менеджмент. Отандық жоғары оқу орындары осы бес салалық рейтингтің төртеуіне кіріп, ондағы өз позицияларының санын 10-ға дейін арттырды.
           Төрт қазақстандық  ЖОО әлемнің үздік 100 жоғары оқу орны қатарына еніп, үздік нәтижелер көрсетті. Бірінші жүздікке ЕҰУ ның 3 пәні кірді — «Заманауи тілдер» 88 позиция, «Лингвистика» 94 орынжәне  «Қонақжайлылық және демалысты басқару» пәні бойынша университет былтырғы позициясын 51-100 аралығында ұстап қалды. Одан кейін «Заманауи тілдер» пәні бойынша 76-орында орналасқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тұр. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Білім беру және оқыту» бойынша топ-100 пәндік рейтингке кіріп, осы рейтингте 76-орынды иеленді. Сонымен қатар, ҚазҰПУ «Ағылшын тілі мен әдебиеті» бойынша пәндік рейтингке қайта оралып, онда 95-ші орынды иеленді. Satbayev University академиялық бедел көрсеткішін айтарлықтай жақсартудың арқасында «Мұнай және газ саласындағы инженерлік мамандықтар» бойынша 51-100 позициялар диапазонында орналасқан: жоғары оқу орны барлық пәндік рейтингтерде академиялық беделдің өсу қарқыны бойынша әлемде екінші орынды көрсетті.
          «Әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингтеріндегі қазақстандық жоғары оқу орындарының саны сегізге дейін өсті: бұл үш жыл бұрынғыдан төрт есе көп. Жаңа пәндік рейтингтердің нәтижелері Қазақстанның қазіргі ғылыми күн тәртібіне ықпалын күшейту жоғары оқу орындарын рейтингтерде ілгерілету үшін негізгі мүмкіндік болып қалатынын көрсетеді», — деп атап өттіQS аймақтық директорыСергей Христолюбов.
          Айта кетейік, QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігінің пәндік рейтингтері әлемнің 93 елінде 1594 университеттің студенттері 54 пән және бес кең пәндік санат бойынша оқытатын 15 700-ден астам жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз салыстырмалы талдау болып табылады. Олар әлемдегі ең үздік университеттеррейтингтерінің ‒ QS World University Rankings рейтингтік желісінің бөлігі болып табылады.
  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...