Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

         Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу орталығы» мекемесінің 5 жылдығына орай «Ашық есік» күні және «Наурыз» мерекесі аталып өтті.
         Мерекелік шараға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов пен Асықата кентінің әкімі Бақыт Серіков, қызмет алушы балалардың ата-аналары қатысты. Мерекенің көркі болған наурыз көже таратылып, ән мен күйге ұласты.
         Ашылған күннен күні бүгінге дейін атқарылған жұмыстары мен жеткен жетістіктерін ата-аналарға таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада ата-аналар мекеме мамандарының сабақтарына қатысып, балаларға жүргізіліп отырған емдік шараларға ризашылықтарын білдірді.
           Бүгінде аталмыш орталықта 40 бүлдіршінге күйзелістен шығару үшін дәрігер педиатор, неврапотолог, логопед, психолог, дефектолог, еңбек, музыка, массаж, емдік дене шынықтыру және дене шынықтыру бағыттары бойынша 21 маман бар. Сауықтыру және әлеуметтік, оңалту емдік шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсетілуде.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...