Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛДА 100 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МАҚТААРАЛДА 100 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

МАҚТААРАЛДА 100 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

        Мақтаарал ауданында Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектептің қосымша 100 орындық жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
       Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Асанхан Қошқаров Мақтаарал ауылдық округі Игілік елдімекенінің тұрғындарының қуанышына ортақтасып қайтты.
       Т.Әубәкіров мектебінің негізгі ғимараты 1977 жылы 350 оқушыға арналып салынған. Қазіргі таңда мектепте 650 оқушы білім алады. Ауыл тұрғындарының көбейуі және оқушылар санының артуына байланысты қосымша ғимарат қажеттілігі туралы тұрғындар аудан әкімі Бақыт Асановқа шағымданған болатын.
         Аудан басшысының тікелей бастамасымен 377 миллион теңге қаржы қаралып, мердігер «Таймас Company» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мектеп айналасын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары атқарылып, балалардың спортпен айналысуы үшін футбол және волейбол алаңдары салынған.
         Қосымша ғимарат 2 қабаттан тұрады. Ғимаратта жедел саты жұмыс жасайды. Мұнда заманауи үлгіде химия, информатика, биология, тарих кабинеттері мен мұғалімдер кабинеті және кітапханасы бар.
        Айта кетейік, Мақтаарал ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында осымен екінші мектеп ғимараты пайдалануға беріліп отыр. Жыл соңына дейін тағы бір мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде.  
       Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...