Home » PRESS RELEASE » DIGITAL BRIDGE-2022 ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ТЕХНОПАРКТЕРІН ӨЗ АЛАҢЫНДА БІРІКТІРЕДІ

DIGITAL BRIDGE-2022 ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ТЕХНОПАРКТЕРІН ӨЗ АЛАҢЫНДА БІРІКТІРЕДІ

         28-29 қыркүйекте елордада жыл сайынғы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді. Биылғы форумның тақырыбы – «Central Eurasia as a new tech platform» – «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда«.
        Тақырыпты негізге ала отырып, Форум бағдарламасына IT-стартаптар аллеясы және түркі мемлекеттері мен Орталық Азия елдері ұйымына мүше мемлекеттер технопарктерінің көрмесі сияқты ауқымды іс-шаралар кіреді. Бұл бағыт Түркиядағы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің VIII саммиті барысында қабылданған шешім аясында анықталды, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің жас IT-мамандарының форумын ұйымдастыру туралы ұсыныс айтты.
        Бұдан басқа, IT мектептердің көрмесі, IT бос орындар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle, VR, GameDev алаңдары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Форум аясында стартаптар үшін елдегі алғашқы ресми TikTok офлайн-алаңы құрылатын болады. Барлық өңірден венчурлік инвесторлардың қатысуы күтілуде. Көптеген панельдік сессияларда жетекші халықаралық сарапшылар IT әлемінің өзекті мәселелерін талқылайды.
        «Алдағы Digital Bridge форумы өзінің ауқымымен ерекшеленіп, Қазақстандағы ең ірі IT іс-шарасы болуы мүмкін. Біз Түркі мемлекеттерінің ұйымы және Орталық Азия елдерінің жетекші IT-компаниялары, алдыңғы қатарлы стартаптары көшбасшыларының қатысуын күтеміз. Форум өңірдегі IT-технологиялардың дамуына жаңа серпін беріп, осы іс-шараға қатысушы елдердің стартаптары үшін жаңа белестер мен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Біз IT саласындағы көшбасшылармен бірге технологиялық саланың ең өзекті мәселелерін көтеріп, инновациялық шешімдерді бірге талқылаймыз. Digital Bridge цифрлық идеяларды ілгерілетуге тартылғандардың барлығын біріктіретін цифрлық көпірге айналды деп сеніммен айтуға болады», – деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
         Digital Bridge халықаралық форумы – жыл сайын Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілетін IT саласындағы Қазақстандағы ең ірі іс-шаралардың бірі. Дәстүрлі түрде форумға халықаралық IT-қоғамдастығының көшбасшылары, технологиялар саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, цифрлық әзірлемелер саласындағы кәсіпқойлар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлық инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысады.
         Естеріңізге сала кетейік, Форум «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру болып табылады, сондай-ақ Мемлекет басшысы белгілеген 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-кадрлар даярлау, IT-саласына 500 млрд теңгеге дейін инвестициялар тарту, АКТ қызметтерінің экспортын 500 млн АҚШ долларына дейін ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған.
        Ұйымдастырушылар – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысуымен.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...