Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ӨЗЕКТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ӨЗЕКТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ӨЗЕКТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

       Отбасы – шағын мемлекет. Қасым ақын жырға қосқан шағын мемлекет әрқайсысы бүгінде бүтін бір Отанымызды құрайтын үлкен құрылымға айналды. Жаңа Қазақстан құруға бет алған еліміз әсіресе отбасы құндылықтарына көп көңіл бөліп отыр. Өйткені, қазір жаңадан тігілген 100 отаудың әрбір бесіншісінің түндігі бес жылға жетпей жабылып жатыр. Шырқы бұзылған шағын отбасы саны – қоғам дамуының дертіне айналды.
       «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс — шараларды институционализациялау» әлеуметтік жобасын іске асыру да ажырасудың артуына алаңдаған ойдан туындап отыр. 28 шілдеде  ел астанасы Нұр-Сұлтанда өткен  баспасөз конференциясында жаңа жобаның көздеген мақсаты айтылып, отбасы құндылықтарын насихаттаудың қаншалықты сұраныс тудырып отырғандығы кеңінен талқыланды. Жалпы, бұл жоба 2022 жылдың қарашасына дейін жүргізілмек. Жаңа жоба Қазақстанның әр өңірін қамтиды. Youtube арнасында «Бақытты отбасы атанудың жолдары қандай?» атты видеоресурс қарастырылғандығында еске сала кеткен жөн. Ол арқылы кемінде 500 жұп отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша сұрақтарға жауап таба алады.
         Айта кетейік, ZOOM платформасында өткен конференцияға ҚР АҚДМ және АБҚО өкілдері, Ләззат Елубайқызы Алшынова, Замандас 21 ҚҚ басшысы; психологиялық қызметтің басшысы Наталья Николаевна Семененко қатысты. Брифингте сөз алғандардың барлығы қазіргі отбасыларды кездесетін келелі мәселелерді ортаға салып, оны шешудің нақты жолдарын қарастырды.
        Баспасөз жиынына қатысқандардың айтуынша қазіргі жастардың көпшілігі  отбасы тек жақсы өмірден тұрады деген жалаң пікірде дейді. Олардың өмірдің ыстық-суығына төзімсіз, моральдық – психологиялық жағынан дайындығының болмауы салдарынан құрған шаңырақтарының іргесін бірден шатқяқтатып алып жатады. Бүгінгі кездесуде бала тәрбиесінде кетіп жатқан олқылықтар мен осал тұстары ашық айтылды. Ғаламтор желісіне тәуелді ғасырда тәрбие оның ішінде әсіресе ұлттық тәрбиенің құлдырап кеткендігі рас. Жаңа жоба осы мәселеге де мысқалдай болсын үлес қосуды көздеп отыр.
        Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы берген гранттық қаражат есебінен іске асырылады.  Жастар арасында отбасы және отбасылық құндылықтар институтын құрып, оны нығайтату жұмысына ат салысу әрбір қазақстандықтың парызы. Өйткені,  әрбір отбасы мемлекетіміздің мызғымас бөлігі.
Меруерт АБДАЛИЕВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...